Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да Алтай ауданы құрылуы мүмкін

Өткен аптада Шығыс Қазақстан жұрты арасында «Зырян қаласы Алтай деп аталатын болды» деген хабар тарап кетті

Бұл хабардың дау-дамай туғызғаны да рас. Өйткені қала көшелерінің атауын өзгерту, ауыстыру жұмыстарына Зырян ауданының тұрғындары оң көзқарас танытқанымен, қаланың атауын өзгертуге келісе қоймады. Зырян қаласы облыстағы тарихы тереңге кеткен кеншілер қаласы, ал оның атын қандай тарихи негізге байланыстырып ауыстыру керек?

Дегенмен Зырян жұрты қаладағы кейбір ескі көшелердің атын ауыстыру бастамасын бірнеше рет көтерген. Қаланың қоғамдық кеңесі Советская және Ленин көшелерінің атын ауыстыру мәселесін бір емес, бірнеше мәрте көтеріп, кейбір көшелердің атауын ауыстырған да болатын. Мәселен, Киров атындағы көше жөнделіп, оған ауданның тау-кен өндірісін дамытқан кенші Арықтай Қайыповтың есімі берілді.

Биыл да Зырян қаласының қоғамдық кеңесі идеологиялық мәні жағынан ескірген әрі құлаққа жағымсыз естілетін көше атауларын өзгертуге шешім қабылдап отыр.

Атап айтқанда, Ардагерлер кеңесі мен Достық үйі, қоғамдық кеңесі мүшелері жеті көшенің атын өзгертуді қолдап отыр. Олар:

Ленин көшесі – Астана көшесі

Советская көшесі – Тәуелсіздік көшесі

Лениногорская көшесі – Вишневсая көшесі

Канавная көшесі – Родниковая көшесі

Пролетарская көшесі – Спорт көшесі

Ворошилов көшесі – Еңбек көшесі

Советский бұрылысы – Тенис бұрылысы

- Көше атауларын заманауи әрі қазіргі өмір салтына, қөзқарасына сай келуі керек, - дейді Достық үйінің директоры Галина Дедова.

Одан бөлек, қоғам белсенділері Коммунист көшесіне ҰОС қаһарманы Төлеген Тоқтаровтың есімін беруге ұсыныс тастаған.

Ал Зырян қаласына Алтай атауын беру туралы ой қозғалмақ тұрмақ, айтылмаған да екен. Қала әкімшілігі мұндай хабарды естімегенін жеткізді.

- Қазір тоғыз көшенің атын өзгерту мәселесі ғана талқыланып жатыр. Ал қаланың атын ауыстыру туралы ешқандай ресми өтініш, ұсыныс жасалған жоқ. Ұсыныс болмаса, оның талқылануы мүмкін емес, - дейді Зырян ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарова.

Соған қарағанда қала билігі әзірше білдей бір қаланың атын ауыстыруға ниеттеніп отырмаған көрінеді.

Следующая →