Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алия Тенизбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Құтқыраушы болып қызмет атқарған өскемендік тұрғынға көмек қажет

Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасында ұзақ жыл жұмыс жасаған Бауыржан Ахметқалиевке қазір көмек қажет

Азаматтық қорғаныс жөніндегі бас маман төтенше жағдай кезінде тұрғындарды эвакуациялаумен айналысқан, кейін өрт қауіпсіздігі қызметіне ауысқан.

Құтқарушылық қызметке он жыл өмірін арнаған, бейбіт тұрғындарды қауіптен арашалаумен айналысқан азаматтың енді өзіне көмек қажет болып жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Ал 22 мамыр күні Бауыржан Ахметқалиевке дәрігерлер ауыр диагноз қояды – "қан қатерлі ісігі".

- Бұған дейін жұбайымның белі ауырып жүрді, бір айдай емделгенімен еш нәтиже болмады. Кейін ұсақ қан тамырлары да жарылып, тез арықтап кетті. Қаттым қорқым кеттік. Дәрігерлер қанға биохимиялық талдама жасауға жіберді. Диагноз сол кезде ғана белгілі болды, - дейді Бауыржанның жары Салтанат.

Содан кейін ер адам облыстық Гематологиялық орталыққа жіберген, онда ол химиотерапеялық курстан өтіп, емделген.

- Алайда бұдан да нәтиже шықпады. Дәрігерлер Астана қаласындағы Ұлттық онкология орталығына жіберді. Қазір жұбайым химиотерапеяның екінші курсын алып жатыр, - дейді жары.

Бауыржанның ауыр дертке шалдыққанын естіген әріптестері оған көмек қаржы жинап берген.

- Бауыржан өте ақкөңіл, жаны жайдарлы жан. Кімге болса да, көмегін аямайтын ақжарқын адам. Мен оның ауыратынын аяқ астынан білдім. Таңқалып қалдым. Оның сауыққанын қалаймыз, - дейді Өскемен ТЖБ баспасөз хатшысы Марина Лискова.

Қазір Бауыржанның Айнель есімді кішкентай қызы бар. Әкесі оны күнде балабақша апарып әкелетін еді. Ал қазір сегіз жасар қыз Құдайдан әкесінің сауыққанын тілеп отыр.


Реквизиттер:

Сбербанк картасы: 4263 4472 9112 7675

Бауыржан Ахметқалиевтің атында

ИИН 830831300328

Сбербанк картасы: 4263 4472 8548 2458

Kaspi Gold картасы: 5169 4931 4233 0029

Салтанат Ахметқалиеваның атында (жары)

ИИН 870921401160

Следующая →