Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде жаңадан ашылған дүңгіршектердің құжаттары жоқ болып шықты

Бүгін Өскемен қаласы әкімдігінің мамандары бірнеше ауданға барып, дүңгіршектердің қаншалықты заңды орналасқанын анықтап қайтты

Ал тексеріс кезінде заңсыз ашылған дүңгіршектердің аз еместігі анықталды, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Сәулет және құрылыс бөлімінің ,жер қатынастары бөлімінің, қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің мамандары мен полиция қызметкерлері, Өскемен қаласының әкімінің міндетін атқарушы Ольга Булавкина делегация құрып, көшелерді тексеріп шықты.

Тексеріс кезінде "Арзан" гипермаркеті маңында "Біз ашылдық" деп жазылған шаурма сататын дүңгіршектің құжаты жоқ болып шықты. Ал оны ашқан кәсіпкер әйелдің жақын жерде асханасы бар екен. Кәсібін кеңейтуге кіріскен әйел дүңгіршек сатып алғанымен, құжаттарды реттемеген.

Құқыққорғау органдары оған кешке дейін дүңгіршекті алып тастауға бұйрық берді. Егер алмаса, онда айыппұл төлейді.

- Қалада мұндай дүңгіршектер көп. Кәсіп иелері өздері дүңгіршек ашып, оған қандай да бір рұқсат алып, қағаз жинауды "ұмытып кетеді". Біз Ушанов алаңы мен "Жәрдем" сауда орталығы маңында заңсыз орналасқан 9 дүңгіршекті алып тастадық. Енді Орталық әмбебап дүкен маңындағы дүңгіршектерді текстеруді ойлап отырмыз, - дейді Өскемен қаласы жер қатынастары бөлімі басшысының м.а. Руслан Әмірбаев.

Мамандардың айтуынша, дүңгіршектердің көбі санитарлық нормаға сай келмейді. Ал кейбір дүңгіршек иелерінде рұқсат қағаздар болғанымен, дүңгіршектің өзі мүлдем талапқа сай емес.

- Біз мұның барлығын қарап, құжаттарды ақтарып тексереміз, - дейді Өскемен қаласы әкімінің м.а. Ольга Булавкина.

Алдағы уақытта билік өкілдері қаладағы дүңгіршек атаулының барлығын тексеріп шығуды көздеп отыр.

Следующая →