Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО әкімі: демалыс базаларын заңға қайшы салуда

Даниал Ахметов Бұқтырма су қоймасы, Сібе мен Окуньки көлдерінің маңайындағы заңсыз құрылысқа тосқауыл жасауға бұйрық берді

Облыстық әкімшіліктің отырысы кезінде өңір басшысы ШҚО Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасын сынға алды.
- Маған Бұқтырма су қоймасынан 500 метр қашық орналасқан бір нысанды көрсетіңдерші. Тек жол ғана бар, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов басқарма басшысы Медет Нұрғалиевке. - Неге барлық демалыс нысандары заңға қайшы салынған? Сонымен қатар, менің рұқсат бермеу туралы пәрменімен қарамастан, Сібе мен Окуньки көлдеріндегі құрылыс жұмыстары қалай жүргені де белгісіз.
Ал Медет Нұрғалиев болса, барлығын жергілікті атқарушы органдардан көрді. Бірақ Зырян ауданының әкімі Нұржан Тоқсейітов мұнымен келіспей, жергілікті әкімдік рұқсатты тек Ертіс бассейндік басқармасымен келіскеннен кейін ғана беретіндігін жеткізді.
Следующая →