Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да компьютер ұрлаумен айналысқан банк қызметкері ұсталды

Банк менеджерінің білдірмей жұмысындағы компьютерлерді ұрлап жүргеніне жарты жыл уақыт болған. Ал әріптестері болса, ешқандай күдік келтірмеген

Өскемен қаласындағы банктердің біріне жұмысқа орналған 27 жастағы жігіт жұмыс берушіні алдап, байымақ болған. Менеджерге сервер бөлмеге кіруге рұқсат етілген. Ал ол бөлменің ішінен жаңадан келген компьютер техникаларын үйіне тасып алып кететін болған. Күзетшіге компьютерді жөндеп әкелемін не банктің басқа бөлімшелеріне апарамын деп алдаған.

Ұрлап әкеткен компьютер техникаларын ғаламторға хабарлама беру арқылы оның өз бағасынан үш есе арзанға сатып жүрген. Шамамен, барлығы 10 шақты техника ұрлаған. Банкке 2 млн теңге шамасында шығын келтірген.

Ұсталған қызметкер тәртіп сақшылардың алдында ақталуға тырыспаған. Барлығын жайып салып, бұған ақшаның жоқтығынан барғанын мойындаған.

Өскемен қалалық №2 соты оны үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру үкімін шығарды.


Следующая →