Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Бесқарағайда қайық аударылып, тұрғын көз жұмды

Алты адам құтқарылғанымен, бір әйелді аман алып қалу мүмкін болмады

Бесқарағай ауданының Грачи ауылының тұрғындары Курчатов қаласына барып азық-түлік сатып алмақ болған. Қайықта екі жасөспірім мен төрт әйел және тасымалдаушы ер адам болған. Қаладан қайтып келе жатып, Грачи ауылына 15-20 метр қалғанда қайық аударылып кеткен.

- Адамдардың жан дауысын естіген тұрғындар жағаға жүгіріп, оларды құтқармақ болады. Қайықтың иесі Нұрлыжан Қожахметов екі баланы жағаға бір өзі алып шықса, үш әйелді ауыл тұрғындары құтқарған. Ал 38 жастағы бір әйелді құтқаруға мүмкіндік болмады, - дейді Курчатов ТЖБ басшысының міндетін атқарушы Олжас Саптанбаев.

Зардап шеккендер қатты тоңып қалған. Олар Курчатов қаласының ауруханасына жөнелтілген.

Следующая →