Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО тұрғыны белгісіз бір балықшыны күрекпен соғып, пышақ кезенген

Көкпектінің мас тұрғыны екі ауылдас сабап, бірін күрекпен, екіншісін пышақпен ұрған

Оқиға қыста болған. Көкпектінің Бұқтырма су қоймасы маңындағы ауылдың тұрғыны араққа тойып алып, көлікке отырып, ауылдың ішін аралауға шыққан. Көшеде "бөтен ауылдың" адамын көріп қалып, тоқтай қалған.

№2 Көкпекті аудандық сотының мәліметтеріне сүйенсек, күш көрсеткен бұзақы бірінші болып жұдырықпен соққан. Ал соққы жеген тұрғынның досы оған жақтаспақ болған сәтте, күрекпен соққы алған.

Бұзақы күші жетпейтінін сезген балықшы да қаша бастаған. Ал бұзақы болса, бір қолына күрек, екінші қолына пышақ алып қуған. Зардап шегуші қашамын деп мұздан тайып, жерге құлаған. Осы кезде басбұзар оны күректің сабымен соғып, алты тісін "қағып" түсірген. Ауызын қан-жоса қылып, басынан бірнеше рет тепкен.

Кейін белгілі болғандай, ауылдың бұл тентегі бұрын сотты болған екен. Босап шыққанына бір жылдай уақыт болған.

Аудандық сот үкім шығарып, оны бес жылға түрмеге тоғытты.


Следующая →