Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Григорий Прыгов
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да кәсіп ашқысы келіп жүрген жастарға көмек жасалады

Кәсіп ашқысы келіп жүрген жастарға ірі ақшалай грант беріледі

Жастар корпусын дамыту жобасы Қазақстанда осымен екінші рет жүзеге асырылғалы отыр. Бұл жолы Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облысының жастарына көмек көрсетіледі. Жобаға облыстары аумағында тұратын, 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастар қатыса алады.

Оқымайтын және жұмыс істемейтін немесе жұмыс істейтін, бірақ табысы төмен жастарға басымдылық беріледі.

- Жастардың топтарына әлеуметтік жобаларды іске асыруға арналған 1 000 000 теңгеге дейінгі гранттар мен әлеуметтік шәкіртақылар ұсынылады. Жобаның қатысушылары өмірлік маңызы бар дағдылар мен жобаларды басқарудың бағдарламасы бойынша үш кезеңдік оқытудан өтеді, алты ай бойы өз әлеуметтік жобаларын іске асырады, сондай-ақ, ай сайынғы шәкіртақылар: ЖОО-ның түлектері - 60 000 теңге, қалған барлық қатысушылар – 40 000 теңге алады.Сонымен қоса, барлық қатысушылар өз жобаларын іске асыру кезінде менторлардың қолдауын алады, - дейді жоба агенттігінің үйлестіруші басшысы Вера Ким.

Биыл бұл жобаның арқасында 3500 адам кәсіп ашуы мүмкін. Қажетті мәліметтерді 8-800-080-15-20 телефонына хабарласу арқылы білуге болады.




Следующая →