Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Трамвайлар екі айдан кейін ғана жүреді

Өскемен қаласына жаңадан әкелінген трамвай вагондарын тіркеу сынды заңгерлік шаралар бітпейінше трамвай қызметін бастамайды

Бұған дейін  "Ертіс" ӘКК  басқармасының төрағасы  Антон Крамаренко трамвайлар келесі аптада рельске шығатындығын айтқан болатын. Бірақ парктегі мүлік жаңа басшының иелігіне өткеннен кейін оны рәсімдеу шараларына біраз уақыт кетеді.

Заңгерлік сұрақтар біржақты болғанда рельске 27 вагон шығады. 26-ның 14-і Өскеменнен сатып алынса, 13-і Алматыдан алынған.

- Бұл вагондар біздің рельстерге бейімделген. Сыртқы түрі де тартымды, экономды және сыйымдылығы жоғары, - дейді Өскемен қалалық жолаушыларды тасымалдау басқармасы орталығының директоры Владимир Панков.

Алматыдан келген вагондарды тексеріп алған да Владимир Панков және ол қаладағы муниципалды паркті басқармақ. 

- Алматылық трамвайларды жөндегенде қиындықтар туындауы мүмкін. Өйткені олар біраз ұзынырақ. Бірақ бұл сұрақ шешімін табады, - деді Панков мырза.

Ол вагондар Өскеменге 10 мамырға дейін жеткізіледі. Ол уақытқа дейін тот басып қалған рельстер тазартылып отырады.
Следующая →