Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Аяулым Кенесова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Әскери бөлім құрылған күнін атап өтті

Жуықта Өскемендегі "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты №5518 әскери бөлімінің құрылғанына 23 жыл толды

Айтулы күнге орайластырылған салтанатты шараға Өскемен гарнизонының әскери-тергеу басқармасы, әскери прокуратурасы, "Нұр Отан" ХДП филиалының өкілдері, сонымен қатар, Ұлттық ұлан ардагерлері мен қалалық мектеп оқушылары қатысты.

Салтанатты шарада әскери бөлім командирі подполковник Әлем Тасмағанбетов "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының құқығымен әскери бөлім ардагерлері және бірлесе жұмыс атқарып келе жатқан түрлі сала мамандарына "Қоғамдық тәртіп сақтағаны үшін" және "Шығыс" төсбелгілерін табыстады.

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, №5518 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қоғамдық тәртіп күзеті бойынша жауынгерлік-қызметтік міндеттерін абыроймен атқарады. Бөлімнің құрылған күнінен бастап Шығыс Қазақстан облысының төтенше салдары жағдайын алдын алу және өрт сөндіру бойынша міндеттерді орындап келеді. Сонымен қатар, Ақтау және Жаңаөзен қалаларында қоғамдық тәртіпті күзетіп, 2015 жылдың шілдесінде Ақтоғай қаласы "Қазақмыс" МОЖ коғамдық тәртіп күзеті бойынша жауапты міндеттерді атқарды. Бүгінде аталмыш әскери бөлімнің жеке құрамы жауынгерлік дәстүрді ұстана отырып, жауынгерлік әзірлікті шыңдап, қырағылықпен жауынгерлік міндеттерін атқарып, еліміздің тыныштығын күзетеді.

- Азаматтар "Әскери міндет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" ҚР Заңына сәйкес Отанымыздың әр аймақтарынан келіп, бөлімде өз қызметтерін атқарады. Ал, мерзімдік әскери қызметшілер ҚР-ның Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарынан шақырылады. Ұлттық ұланның жауынгерлері мемлекеттің және қоғамдық қауіпсіздіктің нығайуына, өздерінің қырағылық пен ержүрек және тұрақтылықтарын таныта отыра үлкен үлес қосты, - дейді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.


Следующая →