Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Айдос Мырзахметов
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Әскери бөлім 75 жылдығын атап өтті

«Ел басына күн туса, ер етікпен су кешер» дейді көнтерілі батыр халқымыздың даналығы. Бабаларымыз да «ел басына күн туса» деп меңзеп тегін айтпағандай

Ат дүбірі бәсеңдеп, темір тұлпарлар күндік жерді әп-сәтте асатын аласапыран заманда төрт құбылаңа емес, табаныңның астында, желкең көрінетін әуеге де сақтана қарарсың.

Бүгінгі замандағы ең ерекше әскери салалардың бірі - әуе зымыранына қарсы қорғаныс жасағы десек тегін айтпаспыз. Осындай ерекше әскери бөлімдердің бірі Зырян ауданы Серебрянск қаласында орналасқан. Биыл Ұланды, Қызыл тулы, Коростень-Померандық Суворов, Кутузов, Богдан Хмельницкий және Александр Суворов орденді 97638 әскери бөліміне 75 жыл толып отыр.

Бұл әскери бөлімнің тарихы өте бай. 1942 жылдың қараша айында Жоғарғы бас қолбасшы ордасының бұйрығымен 316-шы Гвардиялық миномет полкі құрыла бастаған. Полк Сталинград түбіндегі әскеріміздің батыл қозғалысы енді басталып, қилы кезең орнағанда құрылған болатын.

- 1942 жылдың 31 желтоқсанында барлық жеке құрам сарбаздары әскери ант қабылдап, 1 қаңтар - ресми түрде полк құрылған күн деп тарих парақтарына жазылды, - дейді полк командирі Нұрлан Махамбетов. - Өкінішке орай, бүгінгі таңда Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлеріміз ортамызда жоқ. Бірақ бұл полктің алғашқы командирлерінен бастап, Отан қорғау жолында жанын салғандардың әрқайсысы жадымызда. Ал бүгінгі ардагерлеріміздің қайсар еңбектеріне үлкен алғысымды айтқым келеді.

Әскери қызметкерлерін Зырян ауданының әкімі Нұржан Тоқсейітов құттықтады. Аудан әкімі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның тұрақтылығы мен еліміздің амандығын сенімді сарбаздар күзетіп тұр» деген сөзін айтып өтті.

- Өз жеріміз Зырян ауданы, Серебрянск қаласында ел қорғаны бола білген ардагер бабаларымыз бен олардың ізбасарлары түскен даңғыл жолдың мерейтойына келіп отырмыз, - дейді аудан әкімі Нұржан Тоқсейітов. - Зенитті зымыран полкі Зырян ауданының маңызды бөлігі болып табылады. Ол ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосып, қоғамдық тұрақтылықтың негізі ретінде таныла білді. Отан алдындағы борыштарыңызды өтей жүріп, қоғамдық шараларға атсалысуларыңыз ерекше бағаланады. Аудан басшысы ретінде Серебрянск қаласының өркендеуіне бар күшімізді салуға тырысамыз. Келесі жылдан бастап мұнда жөндеу жұмыстарын жүргізіп, әлеуметтік маңызы бар нысандар тұрғызатын боламыз.

Аудан әкімі Отан алдында қызмет етіп жүрген жеке құрамға үлкен алғысын айтып, алғыс хаттарын табыс етті. Даңқты полкті мерейтойымен құттықтау үшін облыстың түкпір-түкпірінен әскери салады қызмет еткен ардагерлер жиналып, алғыстары мен жылы тілектерін білдірді.

- Бұл әскери бөлімде Отан алдындағы борышымды өтеп жүргеніме екі айдан асты, - дейді қатардағы жауынгер Ақтамберді Оңдағанов. - Мен мұнда Батыс Қазақстан облысынан келіп отырмын. Болашақта бұл әскери қызметімді жалғастыра беремін деген ниетім бар.

Салтанатты жиын соңында Серебрянск қаласының өнер майталмандары мен әскери бөлімнің әскери қызметкерлері ән шырқап, жырдан шашу шашты.

Концерт соңында жиналған қауымға әскери бөлімде арнайы экскурсия ұйымдастырылды. 

Следующая →