Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде баспанасыздарды бейімдейтін орталық мамандарсыз қалуы мүмкін

Өйткені Белоусовка кентінде орналасқан бұл орталық ауылды мекенде болғандықтан, мамандардың еңбекақыларына 25 пайыз үстеме ақы қосылатын

Ал ендігі жылдан бастап кейбір мамандар бұл үстеме ақыдан қағылуы мүмкін. Қоғамдық кеңес отырысында мекеменің директоры Ерлан Мұстафин 2018 жылы бейімдеу орталығының заңгер, бас есепші, хатшы, диспетчер, психолог, инспектор сынды мамандары үстемақысыз қалады деп отыр. Бұл - облыстық әкімдік шығарған қаулы.

- Қаулы бекітілсе, онда қызметкерлердің көбі жұмыстан шығады. Әсіресе, писхолог маманның жетіспеушілігі мен алаңдатады, - дейді Ерлан Мұстафин.

Айта кетейік, Белоусовка кентіндегі психологтар 60 мың теңге еңбекақы алады. Бұл – үстеме ақы қосылғандағы сома. Ал мекемеге көрші ауылдан қатынап жұмыс жасайтын 27 жастағы маман үстеме ақыдан қағылып, 45 мың теңге ғана еңбекақы алуы мүмкін.

Мәселе әлі ашық күйде. Қоғамдық кеңес бұл мәселені әлі де қарастыру керектігін айтып тарқасты.


Следующая →