Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Сатушыларға қолдау көрсетеді

Зайсан қаласында алты базар бар. Оның бірі қала орталығында орын тепкен - «Айка» базары

Тұтынушы мен сатушы арасындағы байланысты тікелей қамтамасыз етіп отырған базарда азық-түлікпен бірге тұрмысқа қажетті заттар да сатылады. Ет пен көкөніс алғысы келген тұрғындар «Айкаға» қарай ағылады.

- Бұл базарда ет сатқаныма 15 жылдан астам уақыт болды. Ұжымшар тарап, тоқырау басталған кезде халықтың көбі қай жерде сауда-саттық жасарын білмей дал болды. Базар сол кезде ашылған сауда орны болатын. Қазір базар кеңейіп, сатушылар көбейіп келеді. Сатылатын еттің де сапасы жақсарды, тұтынушылар көп. Тек қана халал ет сатамыз. Өзіміздің шаруа қожалығымыз бар. Малды сонда сойып, етін базарға тасимыз. Кейде аудандағы шаруалардың өздері келіп, бізге ет өткізіп кетеді. Өскемен қаласынан да сатып алушылар келіп тұрады, - дейді базар сатушысы Гүлнәр Шәкенова.

Дүкеншінің айтуынша, базар басшылығы ісін енді ғана бастаған сатушыларға қол ұшын беріп, қаржылай да, құжат рәсімдеу жағынан да көмек көрсетеді.

- Кәсібін жаңадан бастаған сатушыға жеңілдік болсын деп, алғашқы айларға төленетін жалға алу ақысын алмаймыз. Базарға бой үйретіп, кәсібі жүре бастаған кезде сатушының өзі жалға алынған орынның ақысын төлей бастайды. Сатушыларға құжат алу мен салық төлеу жолдарын да үйретеміз, - дейді «Айка» базарының бас есепшісі Гүлнұр Найзабаева.

Базардан орын алғысы келетіндер көп. Зайсан ауданы сауда-саттығымен ерекше. Сондықтан алдағы уақытта бұл базардың кеңейе түсетіндігіне сенім мол.

Следующая →