Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алия Тенизбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде жоғалып кеткен 20 жастағы жігіттің көлігі табылды

Жас жігіт жұма күні өзінің көлігін сатып жіберіп, өзі басқа жаққа кетіп қалған

Бағлан Албаев 17 қараша күні сағат үш кезінде туыстарының үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Ал жас жігіт Өскемен қаласында туған ағасының үйінде тұрып жатқан. Туыстарының сөзіне қарағанда, жас тұрғын бұрында бұлай хабарсыз кеткен емес әрі үйге кеш болмай оралып жүрген.

Жігіт жұма күні жоғалып кеткен. Ал оны кездейсоқ кездестірген тұрғындардың сөзіне қарағанда, сол күні ол өз көлігін сатып жіберген.

- Сенбі күні бір ер адам маған хабарласып, ағамның көлікті 1,2 млн теңгеге сатқанын айтты, - дейді жоғалған жігіттің қарындасы Анар Албаева. - Біз полиция қызметкерлерімен бірге Молдағұлова көшесі, 17/6-үй мекенжайына барып, көлікті көрдік. Бұл, расымен де, ағамның көлігі.

Көліктің жаңа иесі жоғалған жігіттің көлік сатар кезде өте қобалжулы болғанын әрі қойған сұрақтардың бірде-біріне жөнді жауап бермегенін айтады.

- Ал ер адам жас жігіттің туған-туыстары мен ата-анасының рұқсатынсыз көлік сатқалы жүргенін білгенде, оны сатып алмайтын едім. Тіпті, полицияға хабар берер едім дегенді айтады. Ал Бағлан үшін бұл үлкен сома. Не үшін керек болды?.. Оны да біле алмай дал болып отырмыз, - дейді Анар Албаева.

Бағлан Албаев жұма күні қара-көк түсті күрткі мен спорттық аяқ киім, джинсы киіп шыққан. Көрген-білгендер болса, төмендегі нөмірлерге хабар берулеріңізді өтінеміз: 8-777-989-35-34, 8-776-305-55-53 немесе 102.


Следующая →