Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алия Тенизбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемендік тұрғындар көпқабатты үйді өздері жөндеген

Защита ауданында, Октябрь көшесі, 111-үйде тұратын тұрғындар үй иелері кооперативі қызметінен бас тартып, өздері қаржы жинап көпқабатты үйге жөндеу жүргізген.

1985 жылы салынған ғимараттың жағдайы жыл сайын нашарлай түскен, ал тұрғын үй иелері кооперативінен еш қайыр болмаған. Содан тұрғындар өздері бас қосып, ортақ үйді жөндеуге кіріскен.

- Тұрғын үй кооперативі салықты көп төлейді әрі олардың құзіретіне кірмейтін кейбір мәселелер де бар-тұғын. Мәселен, үйдің төбесін жөндеу кооперив қызметіне кірмейді, - дейді тұрғын үйдің басшысы Владимир Бостриков. - Ай сайын өзіміз қаржы жинаймыз, шамамен, айына 60 мың теңге ақша жиналады.

Жиналған ақшаға тұрғындар үйдің төбесі мен шатырын жөндеп, жертөлесін қалыпқа келтірген. Кәріс жүйесі мен ыстық су, суық судың трубалары ауыстырылған.

Тұрғындар алдағы уақыттың үйдің маңайын абаттандыруды ойлап отыр. 

Следующая →
Тақырыптар: Жилье в ВКО КСК ВКО