Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

Өз көршісін өлтіріп, мәйітті өртеп жіберген

Адам айтса, сенгісіз қылмыстық оқиға Зыряндағы саяжай кооперативтерінің бірінде орын алған

Қанды қылмыс жазда Зырян қаласының шетінде орын алғанымен, көршісін өлтірді деген күдікпен ұсталған 25 жастағы бұрын да істі болған азаматқа қатысты сот шешімі өткен аптада ғана шықты. Азамат саяжайына барған уақытта өз көршісімен танысқан. Ол азаматша аймақтағыларға тегіс танымал болып шыққан. Өзі ішкілікке салынған әрі ата-аналық құқығынан да айырылған көрінеді. Жазда сол саяжайдағы ата-анасынан қалған кішкентай үйде тұрып жатқан. Әйел адам жаңа көршісінен шылым сұрап, сөзге тартқан көрінеді. Аз уақыттан кейін екеуінің сөзі жарасып, бірге ішімдік ішкен. Бірінші бөтелке таусылған уақытта азамат қолына асхана пышағын алып, көршісінің ішіне сұғып алған. Есеңгіреп қалған әйел қалғалақтап барып құлаған. Алайда қандықол қылмыскер мұнымен қоймай, жақындап барып азаматшаның бетіне де пышақ жұмсаған. Артынша айғақтардың көзін құрту мақсатында марқұмның үстіне әр түрлі заттар мен газеттер тастап, күнбағыс майын құйып, өртеп жіберген. Аталмыш іске қатысы бар деген күдікті келесі күні қолға түскен. ШҚО Мамандандырылған аймақаралық қылмыстық соты зыряндық азаматты кінәлі деп танып, он жарым жылға бас бостандығынан айырған. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Следующая →