Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Людмила Архипова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен: Мәңгілік Алаудың өшкеніне екі апта уақыт болды

Даңк мемориалы маңындағы Отан қорғаушылар құрметіне жағылған Мәңгілік Алау екі апта уақыт болды, әлі өшіп тұр.

«Мәңгілік Алаудың» не үшін өшіп тұрғанын білу мақсатында «Облгазпром» филиалына хабарласқан едік. Ал жауапкершілігі шектеулі серіктестік мамандарының айтуынша, облысқа тасымалданатын газ қоры сиреп кеткен, сондықтан алауды өшіруге тура келген.

- Энергетика министрлігі ай сайын бізге қажетті газ қорын жіберіп тұрады, - дейді «ОблГазПром» ЖШС филиал директоры Виктор Леонтьев. - Ал қыркүйек айынан бастап Павлодардағы мұнай өңдеу зауыты өнім өндіруді тоқтатқан болатын. Сондықтан қажетті газ мөлшері бізге жеткізілмей қалды.

Виктор Александровтың сөзіне қарағанда, газдың жетіспеушілігі жайында ШҚО Энергетика және тұрғын үй-комммуналды шаруашылығы басқармасына хабар берген.

- Газ Ақтөбе қаласынан жеткізілетін болды. Сондықтан кешігіп жатыр, - деп толықтырды директор.

Филиал басшысы Мәңгілік Алаудың жақын уақытта қайта лаулайтындығына сенімді. 

Следующая →