Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен оқушылары бірнеше мамандық бойынша дайындықтан өтті

Облыс орталығындағы 16 білім ордасының өкілдері үш күн қатарынан жасөспірімдерді өз мамандықтарымен таныстырды

Облыс орталығында үш күнге жалғасатын мамандықтар фестивалі мен тәжірибеден өтушілер жәрмеңкесі өтуде. Болашақ мектеп түлектері квест форматында өздерін қызықтырған мамандықтарды таңдай алды. Ал студенттер өз кезегінде қайда жұмыс істейтіндерін анықтап алды. ШҚО Білім басқармасы мен Техникалық және кәсіби білім орталығы бірлесе отырып шараны екінші жыл қатарынан өткізуде. Ағымдағы жылы 13 колледж бен 3 ЖОО өздерінің кәсіби алаңдарын ұсынды. - Балаларға тек мамандықтар туралы ақпарат емес, өздерін сол салада танып көретін мүмкіндік беріледі. Мысалы, аспаз, медик немесе электрик қызметкері болып көреді, - дейді Орталық басшысының м.а. Лазат Кездікбаева. Фестиваль аясында кейбір балалар болашақ мамандықтарын анықтап алды. - Менің болашақ мамандығым не өнерге, не адам өмірін құтқаратын медицинамен байланысты болады, - дейді № 39 мектептің 9 сынып оқушысы Екатерина Кузнецова. - Бізге тамаша шеберлік сыныптарын өткізіп, көптеген пайдалы ақпараттар мен кеңестер берді. Әр факультет өкілдері өз мамандықтарының қыр сырымен таныстыра отырып, тәжірибелік дайындықтар өткізді. Әр қатысушы өзінің «жол картасын» алып, 16 алаңды жүріп өтуі керек болды. Тапсырмалар аяқтала салысымен әркімнің парағына «тәжірибелі дайындық» мөрі қойылды.
Следующая →