Өскемен
пасмурно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Семейде 600 орындық жаңа мектеп ашылды

Жаңа білім ордасы Бобровка ауылында орналасқан 44 орындық ескі мектептің орнына салынды

Жаңа мектеп мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған. Бір кезеңде ол 600 баланы білім нәрімен сусындатады.

Ауыл тұрғындары заманауи талапқа және білім сапасына жауап бере алатына бұл мектептің ашылуын көптен күткен еді.

Жаңа мектептің ашылу салтанатына ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова мен Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов қатысты.

- Оқушылар мен ұстаздарды жаңа білім ордасына келуімен құттықтаймын, - деді Әсел Нүсіпова. - ШҚО әкімінің жетекшілігімен облыстың білім жүйесі керемет нәтижелер көрсетіп келеді. Өңірде жаңа мектептер, балабақшалар салынуда. Жұмсалған күш зая кетпеуде. ҰБТ қорытындысына сай Шығыс Қазақстан мектептерінің түлектері Қазақстан бойынша орта деңгейден асатын нәтиже көрсете білді. Бұл нәтиженің шегі емес, оқыңыздар, әлемді таныңыздар, жаңа достар тауып, жан-жақты жетіле беріңіздер!

Айта кету керек, мектеп инновациялық құралдармен жабдықталған. Модификацияланған оқу сыныптары, ыңғайлы кітапхана балалардың білім алуына зор ықпал етеді.

Следующая →