Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Айдос Мырзахметов
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Үш торап жолдың жөндеуі басталды

«Нұр Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясы қалада жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарына бақылау жүргізді

Комиссия мүшелігіне қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары, қалалық әкімдіктің «Істер жөніндегі басқарма» КМҚК өкілдері кіреді.

20 шілдеден бастап Сәтпаев даңғылының бойында нөсер канализациясын салуға 28 техника үздіксіз жұмыстар атқаруда. Айта кету керек, бұл жобаға 2,5 миллиард теңге қаражат жұмсалды.

- Материалдық қамтылу бойынша үш күндік кешігу орын алды. Темір бетон бұйымдарын тасымалдаушылармен келісімге келдік, - дейді жоба жетекшісі Александар Андрейчук. - Бүгінгі күнде тасымал жұмысы қайтадан жанданып, кесте бойынша кешіктірілген мерзімнің орнын қалпына келтірудеміз. Мұнымен қоса жүргізілетін құрылыс орындарының бойындағы 50 жекеменшік учаскелермен бірқатар қиындықтар туындап отыр. Бұл туралы тапсырыс беруші Өскемен қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне хабарладық.

Сонымен қатар, бұл даңғыл бойындағы 720 ағаш кесілетін болды. Ағаштардың оталуына қарсы тұрғындар жергілікті өзін-өзі басқару комитетіне хабарласып, көптеген шағымдар түсіруде. Қоғамдық кеңесте шешілгендей, оның орнына екі есе артық ағаш отырғызылатын болды.

Қазір облыс орталығының ең көрікті жерлерінің бірі Славский атындағы жағалау да кеңейтілетін көшелердің біріне жатады. Бұл көше бойындағы құрылыс жұмыстарының барлығы толыққанды дайындықпен басталған.

- Қазір құрылыс сұрақтары бойынша ешқандай мәселе жоқ. Барлығы жоспарлы түрде атқарылып жатыр. Қажетті материалдар толыққанды дайындалған, - дейді жоба жетекшісі Жандос Занкеров. - Тек тас жол құрылысына келгенде тасымалға байланысты сұрақтар туындауы ықтимал. Бұл мәселе қала көлемінде көтеріліп отырғаны белгілі. Дегенмен бұл материалға деген қаражат өтеліп, келісімшартқа қол қойылған.

Жол мәселесі дегенде қала тұрғындарының ойына бірінші кезекте Понтон көпірі мен Ахмер ауылының жолын байланыстырып тұрған Тоғас жолы еске түсетін шығар. Қар ерігеннен бері көптің көңілін түсіретін бұл жолдың бойындағы жұмыстар енді ғана басталды.

- Геодезия нәтижесін күткенше жұмысты бастамадық. Қазір нөсер канализациясы құрылысын бастадық. Қажетті құбырларға тапсырыс берілді. Биыл Тоғас жолында жөндеу жұмыстары жүргізілмейді, - дейді «Элитэнергострой» ЖШС мердігерлік компаниясының директоры Валерий Раскурин.

Жобаны жүзеге асыру аясында тоғайларды кесу, жекеменшік учаскелер бойынша бірқатар мәселелер туындайды.

- Әсіресе, үшінші жобаға келгенде бірқатар алаңдаушылық бар, - дейді «Нұр Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Майраш Екібасова. - Мердігер компания Астана қаласынан келіп отырғандықтан, жобаны техникамен қамтамасыз ету мәселелері туындауы мүмкін. Алыстан көлік әкелмейтін компания оны жалға алады. Бұл - қосымша шығын.

Майраш Екібасованың айтуынша, компанияның мұндай мәселелері жобаның аяқталу уақытына әсер етуі мүмкін. Сол сияқты партия төрағасының бірінші орынбасары жоба аясында кесілген ағаштар қысқы отын түрінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға үлестерілетіндігін тілге тиек етті.

Следующая →