Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Айдос Мырзахметов
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Өндірістік қалдықтар тұрғындардың өзегін талдыруда

Тұрғындардың айтуынша, түсініксіз сұр түсті қоймалжың зат көктемгі еріген қармен аулаға, бақшаға, ақыры кен жұмысшылары су алатын құдық құйылған

Глубокое ауданы Белоусовка ауылындағы Панфилов көшесінің бойындағы бірнеше тұрғын үйлерге көктемгі ағыспен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалына тиесілі кен орнының қалдықтары төгілген.

- Наурыз айында ұңғымадан шыққан өндірістік заттар жол бойымен аға бастады, - дейді Панфилов көшесі, 56-үйінің тұрғыны Валентина Корчебнова. - Ағынды заттар үш бақшаны тегіс шайып өтті.

Қара топырақтың орнына енді сұр түсті қоймалжың сұйықтық жайылды. Тұрғындар көктемгі егістіктерін бастамай, бірден заңгер жалдап ауыл әкімі мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның Белоусовка кен орны басшысына шағым түсірді.

«Панфилов көшесінде орналасқан №50, 53, 54, 55, 57 үйлердің жанында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС ұңғымасы орналасқан. Технологиялық жұмыстардан кейін ұңғымадағы өндірістік қалдықтар көтеріліп аулаларға ағыла бастады. Қалдықтар Глубочанка өзені мен №55 үй арасында орналасқан құдыққа да түсті. Қазір күміс түстес балшық орнады. Қалдықтар кепкеннен кейін, жер астынан қайтадан шығуда.

Соңғы кездері үйлердегі құдық суы құба түске боялған. Мұндай судың адам денсаулығына зияны болуы мүмкін деген қауіп бар. Қазіргі уақытта №50, 53, 55 үй тұрғындары су мен ауа құрамына тексеру жүргізу үшін арнайы уәкілетті органдарға үндеу жазбақ.

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы жетекшілігі тұрғындардың денсаулығына қатысты іс шараларды орындау барысында, қалдықтарды жою кезінде барлық жағдайды ескеруі керек.

Уәкілетті органдарға тапсыру үшін арнайы сурет және бейне құжаттары дайындалды. Осыған байланысты арнайы шаралар жүргізулеріңізді сұраймыз», - деп жазады тұрғындар.

Үндеуден кейін Белоусовка әкімі мен кен орны директоры келіп шығынның көлемін есептеген. Кәсіпорын өкілдері зардап шеккен үйлер мен көшелерге ұсақ тас төгіп, жолды тазалап, су құрамын тексеруге уәде берген.

- Кен орны директоры Николай Галиновичпен оқиға орнына барып, қажетті шараларды анықтадық, - дейді Белоусовка ауылының әкімі Сергей Валиев. - Аталмыш кәсіпорын басшысы бірқатар шаралар қолдануға тиіс болды. Ұңғыма маңайын тазартып, жол қабатын жабу керек. Өндірістік қалдықтарды жойып, №55 және 53/1 учаскесінің жерін қалпына келтіру және қалдықтар төгілген көше бойына ұсақ тастар төгілді. Құдықтағы суларға сараптама жасалады.

Басқа үйлерге кіру мүмкін болмағандықтан, тек бір үйге ғана ұсақ тастар төгілген. Тұрғындардың айтуынша, бақшаны трактормен тазалау үшін жарты метр жер қабатын қырып тастады. Ол тереңдіктен де сұр түсті қалдықтар шықты. Үш жүк көлігімен лас топырақты тасымалдаса да, әлі бірталай үйінді қалып отыр.

- Екі мәрте қарашірік тасымалданды, ол аулада үйілген күйінде тұр. Сұрғылт қалдықтардың беті көмілген болатын. Алайда жуықта жауған жаңбыр сұйықтықты қайтадан жер бетіне шығарды, - дейді Валентина Павловна. - Құдыққа ағып кеткен қалдықтардың сынамасын Экология департаменті алып кетті, әлі жауап алған жоқпыз.

Қазіргі таңда ауласын өндірістік қалдықтар жайлаған тұрғындар Экология департаментінің жауабын күтуде. Мамыр айынан бері созылып келе жатқан мәселе әлі орнынан қозғалатын емес. Тамыз айының ортасынан асқанын есепке алған тұрғындар биыл өз жерлерінен ешқандай өнім ала алмайтындарын түсінеді. Лайланған суды ішуден әлдеқашан бас тартқан. Алғашқы сәттері көршілерінен жылу алып отырған бірнеше үй тұрғыны құдықты басқа жерден қаздырған. Енді олар өнімнен бұрын, бұл жердің қандай да бір қолданысқа жарайтындығына күмәнмен қарауда.

Следующая →