Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Кристина Хорольская
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде ерекше кітапхана ашылды

Халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырылған акция «Император» саудан кешенінде өтті. ШҚО балалар-жастар кітапханасының өкілдері акция барысында жастарға әлемді мойындатқан бестселлерлер ұсынды

- 12 тамыз күні әлем Жастар күнін атап өтті, - дейді кітапханашы Любовь Лазарева. - Мұндайда кітапхана не ұсына алады? Әрине,  жастар туралы ең танымал кітаптарды таныстырамыз. Біздің басылым қорымен "Император" сауда кешенінде ұйымдастырылған арнайы кітапхана кафесінде танысуға болады.

Кітаптан тұратын көрмелік презентациядан басқа қонақтарды зияткерлік викториналар, «Оқымысты адам» атты фотоқойылым күтіп тұрды. Сол сияқты "Император" сауда кешенінің LED-экрандарынан кітап жарнамаларын тамашалаудың сәті түсті.

- Мысалы Санкт-Петербург қаласының ірі сауда орталықтарында кітапхана бөлімдері бар, - дейді Любовь Лазарева. - Адамдар жаңа кітаптар сатып алуға, не болмаса ауыстыруға келеді. «Императорда» барлығы келушілерге арналған, біз де кітап айырбастау орнын ұйымдастыруды жоспарлаймыз. Қала тұрғындары кафеде, я болмаса орындықтарда отырып оқыса дейміз.

Кітапхана балалар-жасөспірімдер деп аталғанымен, оның қорынан кез келген жасқа, талғамға арналған кітаптарды табуға болады.

Следующая →