Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алия Тенизбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Абдуллиндер колледжінің жөндеу жұмыстары оқу жылына қарсы аяқталмауы мүмкін

ШҚО Білім басқармасының басшысы жұмысына тиянақсыз мердігер компанияны сотқа берген.

     Өскемен қаласындағы Ағайынды Абдуллиндер атындағы колледждің жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанына бір жылдан астам уақыт болды, алайда әлі нәтиже жоқ.
      Мердігер компаниямен болған келісімшарт бойынша, жөндеу жұмытсары 26 мамыр күні аяқталуы тиіс болатын. Алайда компания жұмысына салақ қараған әрі бөлінген ақшаны тиімді пайдаланбаған. Ал облыстық білім басқармасы болса, колледж басшыларына мердігер компанияны сотқа тартуға кеңес берген.
       - Сот біздің арызымызды 2 тамыз күні толықтай қанағаттандырды, - дейді ШҚО Білім басқармасының басшысы Нұргелді Әпжапаров. - Жөндеу жұмыстары 95 пайызға аяқталған. Компанияның жұмыстарын күн сайын барып бақылап отырамыз. Мердігерге жасалған қысым өз нәтижесін беріп жатыр.
       Мұнымен қоса, басқарма басшысы мердігер компанияның есепшотында ақшасы жоқ екендігін айтады.
       - Мердігерде ақшасы жоқ. Мұны ол жасырып отырған да жоқ. Мен оған құқық қорғау органдарына арызданатындығымды айттым. Ол 15 тамызға дейін жұмысты аяқтайтындығына уәде берді, - дейді Нұргелді Әпжапаров.
        Дегенмен, колледжің жарық тарту жұмыстары небары 45 пайызға ғана орындалған. Ал екі күннің ішінде мердігер жарықты толықтай тартып үлгермейді.
Следующая →