Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Екі адамның өліміне айыпталған Өскемендік полиция өз кінәсін мойындамады

ШҚО ІІД экс-қызметкері бұл іске қатысы жоқ екенін, тек қылмысты жасырушылыққа барғанын сот тыңдауы барысында айтты

Бүгін ШҚО Мамандандырылған ауданарылық соты барысында ағайынды Сапар Ашетаев пен Айбек Кенжекеновтың өліміне қатысты атышулы іс бойынша сот отырысы өтті.

Естеріңізге саламыз 31 наурыз күні Өскемен төңірегіндегі Шешек асуында қаланың екі тұрғыны оққа ұшқан. Тергеу нұсқалары бойынша қамауға алынған Сахариев Е., ағайындылардың бірінен өш алу мақсатында, екіншісін куәгер ретінде өлтірген. Бұл оқиғаның барлығы ШҚО ІІД Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының қызметкері Мұсабаев Т., көз алдында өткен.

Айта кету керек, бас күдікті бұрын Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысымен күрес департаментінде қызмет еткен. Құрбандарының көзін құртқан «тәртіп сақшылары» қала ішінде мәйіттерді тасып жүрген.

Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, қылмысты жасыру үшін ағайындылардың денесін көмуге бас сотталушының тағы төрт туысқаны қатысқан. Олардың бірі ШҚО бойынша Әкімшілік соттарды құжаттық қамтамасыз ету басқармасында бас маман болған. Күдіктілердің барлығы дерлік үйленген, кішкентай балалары бар.

Сот қарауында анықталғандай, Сахариев Е. Құрбандарын есерткі жасырған деген айыппен полиция ұстауға келді деп үйлерінен алып шыққан. Сот үрдісі барысында прокурор бас айыпталушының құрбандарға бірнеше оқ атып, машинасының кілтін, кредит карталарын және жеке куәлігін, құжаттарын алып көзін жойған. Ал басты айғақ – қала ішінде мәйіттерді тасыған өзінің «Мерседес» көлігін өртеп жіберген.

Сот барысында бас күдікті Сахариев Е. Қылмысты жоспарламағанын айтып, кінәсінің бір бөлігін ғана мойындады. Ал іс бойынша көмекші ретінде танылып отырған экс-полиция қызметкері өз кінәсін мойындаудан мүлдем бас тартты.

- Туысқанымның ниеті туралы білген де, болжаған да жоқпын, - дейді сот барысында ШҚО ІІД Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының қызметкері. - Адам өлімі тұрған орнымнан уақытша үзіліп кеткенде орын алды... қажеттілігімді өтеу үшін алыстадым. Осыған байланысты қылмыстың алдын ала алмадым. Осыдан кейін (Сахариев Е.) маған сес көрсетті. Қылмысты жасырғанымды толық мойындаймын.

Сот отырысы ашық өтуде. Өзге сотталушылар өз қылмыстарын мойындар, өкініш білдірді.

Айта кету керек, зардап шегушілер жағының заңгері екі жанұяға тиген моральды шығын үшін бас айыпталушы Сахариев Е.-ден әр ағайындының жарына 15 миллион теңгенден, ал бұрынғы полиция қызметкерінен жеті миллион теңгеден өтінішхат ұсынды.

Следующая →