Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алия Тенизбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен әкімі айына екі рет қала маңындағы тұрғындармен кездеспек

Өскемен әкімі Қуат Тұмабаев қала маңындағы аудандарда тұрып жатқан адамдармен кезедсіп, мәселесімен танысуды жоспарлап отыр

Қала басшысы өз жоспарына кірісіп кеткен, Аблакет ауданының тұрғындарымен кездесіп қайтты. Ауданның 30 тұрғыны жиналып, өз мәселелерін айтты.

Тұрғындардың көпшілігі пәтер иелері кооперативтерінің дұрыс жұмыс жасамайтындығына наразы. Қабанбай батыр көшесі бойында орналасқан бірнеше тұрғын үйге жөндеу жұмыстарының қажет екендігін айтты. Тіпті, кей тұрғындар оқу жылына дайындалуға да көмек сұрап жатты.

- Қала маңындағы тұрғындармен кездесіп, сөйлескен мен үшін өте пайдалы. Ауданның жағдайымен, мәселесімен жете танысуға көмектеседі, - дейді Қуат Тұмабаев.

Сонымен қатар, қала басшысы Малдыбаев көшесіне тұратын Елена Короленконың арызына да бей-жай қарамай, көшедегі қоқыстарды жинауға уәде берді.

Өскемен қаласы әкімідігінің хабарлауынша, әкімнің мөлтекаудандарға баруы тұрғындардың арызына байланысты болмақ. Ол үшін қала тұрғындары әкімінің қабылдауына жазылуы тиіс. Кейін әкімдік мамандары тұрғындарға хабарласып, әкімінің баратын уақытын айтады. 

Следующая →