Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алия Тенизбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен жәрмеңкелерінде кеңсе құралдары арзанға сатылмақ

Өскемен қаласында сенбі-жексенбі күндері қайтадан жәрмеңкелер ұйымдастырылатын болды. Мұнда азық-түлікпен қатар, оқу құралдары да саудаланбақ

Күннің ыстығына байланысты жәрмеңкелерді өткізу уақытша тоқтатылған болатын. Өйткені ауыл-аймақтан әкелінген ет пен сүт өнімдері ұзаққа шыдамайды. Тамыз айынан бастап жәрмеңке өз жұмысын қайта бастайды. Мұнда азық-түлік бағаларымен қатар, оқу құралдары да базар бағасынан 15-20%-ға арзан сатылмақ.

Жәрмеңке Металлургтер мәдениет сарайы мен FreshMarket гастрономының алдында өтпек.

Сенбі күні аймақтың шаруа қожалықтары ет, сүт, нан, балық, жеміс-жидек өнімдерін жәрмеңкеге әкеледі. Оқу маусымы таяп қалғандықтан, кәсіпкерлер оқу құралдарын да жәрмеңкеге шығаруды ойлап отыр.

- Өткен сенбіде жәрмеңкенің үш сауда орнында кеңсе тауарлары сатылды. Әзірше сұраныс болмай тұр, - дейді Өскемен қаласы кәсіпкерлер бөлімінің мамандары. - 15 тамыздан кейін белсенді сауда басталады деп ойлаймыз. Бұл уақытта қала тұрғындары еңбекақыларын да қолдарына алады. ММС маңынан бөлек, базар алдында да оқу құралдарын сататын жәрмеңкелер ұйымдастырылмақ.

Жәрмеңке апта сайын, сенбі күндері сағат тоғыздан түскі үшке дейін өткізілмек. 

Следующая →