Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алия Тенизбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемендегі қисық салынған тұрғын үй бұзылуы мүмкін

Салынып жатқан 9 қабатты үйдің ғимараты қисайып кеткен. Бұл үй пайдалануға берілмейді

Өскемен қаласы 19-мөлтекауданында бірнеше құрылыстың ғимараты әлі аяқталмаған. Уәлиев көшесінде орналасқан 9 қабаттың тұрғын үйдің қабырғасы Пизан мұрасына ұқсап, қисайып кеткен.

Бұл үйдің іргетасы 2009 жылдан бері қалана бастаған. Ал 2013 жылы ақша қымқыру дерегі бойынша сот процестері болған.

- Тұрғын үй 90 пәтерден тұратын тоғыз қабатты етіп салыну керек болатын. Біз қазіргі таңда ғимараттарға техникалық тексеріс жүргізуге қаражат сұрағанбыз. Тұрғын үй тек бес қабатты болып қана салынуы да мүмкін. Үйді толықтай бұзуымыз да мүмкін, - дейді Өскемен құрылыс бөлімінің маманы Мадияр Абылханов.

Қалалық құрылыс басқармасының хабарына қарағанда, бұл аудандағы бос қалған ғимараттардың барлығы да толықтай аяқталады.

Следующая →