/ Усть-Каменогорск и ВКО

Казань тұрғындарына семейлік тайқазан сыйға берілді

Қаланың орталығында орналастырылған түркістандық әйгілі Тайқазанның көшірмесін жеке кәсіпкер сатып алып, Татарстанның астанасына сыйлыққа табыстады
10 шілде 2017 года, 17:01 1338 Зауреш Ахмеджанова
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Семейский Тайказан подарили жителям Казани
Ақпарат көзі: © Устинка Live Фото: © DailyNews.kz
Салмағы екі келі болатын «Наурыз Тайқазаны» композициясы Семей қаласының орталық алаңына 2013 жылы қойылған болатын. Алайда бір жыл өткен соң көптің сүйіктісіне айналған бұл ескерткішті алып тастаған. Ал Семей қаласының архитектура және қала құрылысы бөлімінде этнографиялық бұл туындыны жеке кәсіпкердің сатып алып, ШҚО атынан Казань қаласына Нұрсұлтан Назарбаев көшесіне орнату үшін сыйға тартқанын мәлімдеді. Айта кетейік, Тайқазанға қала бюджетінен ешқандай қаржы бөлінбеген. - «Наурыз Тайқазаны» композициясы Семей қаласында Наурыз мейрамын тойлау қарсаңында кәсіпкерлердің қаржысына қойылған, - деп мәлімдеді Семей қаласының архитектура және қала құрылысы бөліміндегілер. Сонда белгісіз бизнесменнің әйгілі түркістандық туындының көшірмесін кімнен сатып алғандығы түсініксіз болып отыр.

Загрузка...

Устинка Live хабарландыруларын алып тұрыңыз