Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Шығыс өңіріне "Денсаулық" пойызы келеді

Республиканың шалғай жатқан аудандарына ат басын тірейтін "Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы Шығыс Қазақстан облысына да келмек

Пойыздың облысымыздағы алғашқы бекеті Аягөз ауданындағы Таңсық станциясы болмақ. Бұл жерге дәрігерлер пойызы 22 мамыр күні аялдамақ. Ал келесі күні Үшбиік бекетіне аттанады. 22-24 мамыр күндері Жарма бекетіне аялдап, тұрғындарды қабылдамақ. 26-27 күндері Жаңғыз-Төбеде, 28-30 мамыр күндері Шар бекетінде дәрігерлік тексеріс ұйымдастырмақ.

Пойыз сегіз вагоннан тұрады. Амбулаториялық операция мен толықтай тексеру кезеңдерін қамтамасыз ететін құрал-жабдықтар, процедуралық кабинет қызметі, диагностика кабинеттері мен лабораториялар орналасқан.

Замануи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген медициналық пойызда терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, ЛОР, хирург, уролог, маммолог, стоматолог және гинеколог тәрізді дәрігер-мамандар тексеріс жасайды.

Барлық медициналық қызметтер тегін көрсетіледі. Дәрігерлердің жұмыс уақыты таңғы 9.00-ден 18.00-ге дейін. Ал үзіліс уақыты 13.00-14.00.

Айта кету керек, Өскемен қаласына медициналық пойыз келмейді.
Следующая →