Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +9°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +18°
$
447.89
476.78
¥
61.89
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ирина Николенко
Ирина Николенко
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде жанармай құю бекеттерінде бағалар тексерілмек

Облыс орталығында монополияларды реттеушілер бөлшек сауда нарығындағы мұнай өнімдерінің бағасын тексеру жұмыстарын бастады

ШҚО бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет Департаменті қызметкерлерінің назары АИ-92/93, АИ 95/96, АИ-98 бензин маркалары мен дизельді отын сатушыларына түскен.

Антимонополия ведомствасы Өскемен нарығындағы мұнай өнімдері бағасын тексере келе жанар-жағармай материалдары бағсы өткен жылдың тамызынан бастап желтоқсан айына дейін бір емес, бірнеше рет қымбаттағанын анықтаған. Ендігі кезекте мамандар сатушылардың мұнай өнімдері бағасын неліктен қымбаттатқаны, себебі қандай екенін анықтауға тырысуда. Егер нарық бағасының қамбаттауына еш негіз болмаса, заңды бұзған болып саналады.

Департамент хабарлағандай, "Штиф" ЖШС, С.С.Федоров  ЖК, "Востокнефтетрейд" ЖШС, "АО "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС филиалы, "Sinooil" ЖШС мен "Гелиос" ЖШС кәсіпкерлеріне қатысты зерттеу жұмыстары басталды. Егер аталмыш кәсіпкерлердің арасында қандай да бір бағаны қымбаттату жөніндегі жасырын келісім болса, заңсыз келген пайданы мемлекетке қайтаруға тура келеді әрі айыппұл төлейді. 

Следующая →