Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.56
+0.67
478.03
+1.25
¥
61.97
+0.08
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жармалық ардагерлер облыс намысын қорғайтын болады

Үстіміздегі жылы ел көлемінде қоғамдық белді ұйымдардың бірі болып қоғам дамуына өзіндік ықпалын танытып келе жатқан ардагерлер кеңесінің құрылғанына 30 толып отыр

Осының негізінде жергілікті жерлерде түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді. Таяуда мерейлі мереке аясында ауданда бильярдтан жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаз анықталып, облыстық жарыс жолдамасы сарапқа салынған болатын.

Үстіміздегі аптаның үшінші жұмыс күні облыс орталығында дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен бильярдтан спорт ардагерлері арасында Шығыс Қазақстан облысы турнирі жалауын көтеріп, облысымызға қарасты әрбір аудан, қалалардан іріктелген жеңімпаздар сайысты. Сайдың тасындай іріктелген спортшы ардагер қатарында Жарма ауданы атынан өнер көрсеткен Төлеубек Қасенов айқын басымдығын танытып, облыстық турнир жеңімпазы атанды. Ендігі кезекте Төлеубек Қасенұлы сәуір айының 14- мен 15 аралығында Астана қаласында өтетін республикалық жарыста Шығыс Қазақстан облысы намысын қорғайтын болады.

Жасынан спортты жанына серік еткен жерлесіміз, табаны күректей 45 жыл спорт саласында еңбек еткен. Жарты ғасырға жуық еңбек жолының 15 жылында Жарма аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін басқарса, 17 жылында еркін күрес, үстел теннисі сынды спорттан жаттықтырушы болды.

- Спортқа үлкен бет бұруыма даңқты жаттықтырушы Болат Тұрлыханов көп ықпал етті. Спорттың қай түріне болсын жаны жақын жаттықтырушым, шәкірттерінің де жан-жақтылығына етене көңіл бөлетін. Осындай тарихи тұлғадан тәлім алғанымды әрдайым мақтан тұтамын. Темірдей тәртіппен бізді баули отырып, спорттық жарыстың қандай дәрежеде өткеніне қарамастан салқын қандылық танытып, жеңіске деген құлшынысты алға қоюды талап ететін. Осы ұстанымды әлі күнге дейін жадымнан шығарған емеспін,-дейді ардагер бізбен әңгімесінде.

Еркін күрестен спорт шеберлігіне үміткер жаттықтырушы шәкірт оздырған ұлағатты ұстаз. Олай дейтініміз қарапайым да парасаттылықты алдыңғы орынға қоятын Төлеубек Қасенұлының алдын көрген шәкірттері бүгінде Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы мәртебесіне қол жеткізсе, соңғы буындары бильярд және теннис үстелінде шеберліктерін шыңдап жүр.

Бүтіндей шығыс халқының намысын арқалаған ардагер жерлесімізге алдағы байрақты бәсекеде сәттілік тілейміз.

Мейірхан Оспанбаев

Следующая →