Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ирина Николенко
Ирина Николенко
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде «ерлік беретін» зиянды кәмпиттер сатылуда

Тұтынушылардың бірі шайнайтын мармелад құрамынан бала денсаулығына кері әсерін тигізетін қоспалар барын байқаған

Өскемен тұрғыны Анна Седова жуықта «VITA Мир» сауда орталығында төрт жасар баласына «Тәтті көмек» ерлік үшін» атты шайнайтын мармелад сатып алған. Қала тұрғыны, кондитер тауарының құрамында бала денсаулығына зиянды заттар болуы мүмкін екенін аңғармаған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

- Әдетте, ұлыма алып берген заттардың құрамына қараймын, себебі кейбір азық-түлікке аллергиясы бар. Бірақ осы жолы асығып жүргендіктен үйге жеткен соң бірақ қарадым, бұл кезде балам қаптамадағы кәмпиттің жартысын жеп үлгерген, - дейді қала тұрғыны.

Мармелад толы банканың түбінде, кіші әріптермен жазылған құрамында көптеген концентраттар және иістендіргіштермен бірге «Баланың зейіні мен белсенділігіне кері әсерін тигізетін Е129 бояғыш заттары, дәмін тәтті ететін заттар, сонымен қатар мөлшерінен артық пайдаланса іш жүргізетін әсері бар» деген жазу жазылған.

- Құрамын алдын ала оқып алсам, кәмпиттерді сатып әпермес едім, - дейді Анна. - Себебі өндіруші мөлщерінен артық пайдаланудың, қанша кәмпитке дейін жеуге болатынын, жас мөлшерін де көрсетпеген.

Кәмпиттер сатылған дүкенде мармеладтың зиянды екенін ешкім аңғармаған.

- Шынымды айтсам мұндай жазбаның барын бірінші рет көріп тұрмын, дәл осы топтамадағы «ақша үшін тәтті көмек» атты кәмпиттерде ешқандай кері әсер туралы жазылмаған, жай ғана кондитерлік өнім екені айтылады, - дейді "VITA Мир" СК тауартанушысы Евгений Нечаев. - аталмыш тауармен келген құжатта өндірушілер ешқандай ескертулер жазбаған.

"VITA Мир"-де бұған жедел әрекет жүргізуге не болмаса өндірушіге қайтаурға, я болмаса жас мөлшеріне шектеу қоюға уәде берді.
Следующая →