Өскемен
малооблачно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +5°
  • Ақтөбе
    +7°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +4°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +18°
$
450.07
-1.20
488.51
-0.62
¥
62.35
-0.34
4.86
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Асем Ожарова
Ақпарат көзі:
Устинка

Депутаттар Өскеменде кімнің, неліктен пәтер ала алмайтындығын айтты

Мемлекеттік қордан баспана алу кезегінде 10 мыңнан астам өскемендік тұр және негізінен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар бұл армандарына қол жеткізуде

Қалалық мәслихат депутаттары пәтер кезегінің жылжу қарқынына алаңдатушылық білдіруде. Мемлекеттен өз пәтерін күткендердің көбі ала алмайды. - Бүгінгі таңда пәтер кезегінде 10 364 адам тұр, - деді қала әкімінің орынбасары Ержан Қоңырбаев. - Пәтер алуда ҰОС ардагерлері, жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар басымдылыққа ие. Айта кетейік, бірақ кезекте тұрған ардагерлер жоқ, ал жетімдердің саны 1699. 2016-17 жылдары тұрғын үй коммуналдық қорынан 175 пәтер берілген. Оның 80 пайызы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған азаматтарға бұйырды. Қалалық мәслихат депутаттарының санауынша егер пәтер жетімдерге ғана беріліп жатқан болса, басқа кезекте тұрғандарға баспасана бұйырары неғайбыл. - Осы себепті біз вице-министрге сауал жолдадық, - дейді Өскеменнің Қоғамдық кеңесінің төрағасы Станислав Каримов. - Ол бізге ресми түрде берген жауабына сүйенсек, баспанамен қамтамасыз етуде жетімдерге басымдылық беру тек Шығыс Қазақстанда ғана бар. Ал өзге аймақтарда мемлекеттік пәтер кезектілігі тең дәрежеде жүргізіледі. Қалалық коммуналдық қызмеркерлер пәтерлердің қатаң заңнама бойынша үлестіріліп жатқанын алға тартады.
Следующая →