Өскемен
облачно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +13°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +4°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +14°
$
446.14
+0.19
484.87
+1.91
¥
61.68
+0.02
4.81
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ирина Николенко
Ирина Николенко
Ақпарат көзі:
Устинка

Денсаулық сақтау министрі ШҚО-ның бас дәрігерлерін қолдады

Елжан Біртанов мереке күндері медициналық қызметкерлердің жұмыс істемейтіндігі үшін меңгерушілерді сөккен Даниал Ахметовпен келіспейтіндігін айтты

Естеріңізге сала кетейік, облыс басшысы аймақтағы емхана қызметкерлері мереке күндері науқастарға дұрыс көңіл бөлмейтіндігін айтқан болатын. Ол 8 Наурыз күні реабилитациялық орталықта медициналық қызметкерлердің жұмыс орнынан табылмағанына да ашуланған. Өскеменге жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов емхана басшыларымен конференция өткізіп, айып тағылған дәрігерлерді қорғады. - Мен Даниал Кенжетайұлымен мүлде келіспеймін, - деді ол. - Жұмыс кестесін медициналық ұйымдардың жұмыс стандарттарына сәйкес бас дәрігерлер белгілейді. Реабилитациялық орталық стационар емес, ол негізі шипажай. Сондықтан да әлемнің ешбір елінде аталмыш емханаларында сенбі, жексенбі күндері бас дәрігерлер жұмыс істемейді. Олар тіпті жұмыс күндері де әдетте отырмайды. Бәлкім Даниал Кенжетайұлы басқа мағынада айтқан болар. Мен оның ең тәжірибелі әкімдердің бірі екендігін білемін. Ол дәрігерлердің жағдайын жасап, олардың біліктілігін арттыру мақсатында миллиардтаған сома бөліп отырғаны да белгілі.
Следующая →