Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

Жарма ауданында мүгедек балаларға арналған оңалту орталығы ашылады

Оңалтудан тек мүмкіндігі шектеулі балалар емес, жалғызбасты зейнеткерлер де өте алады

Жаңа орталық осы көктемде Қалбатау ауылында ашылатын болады. Арнайы орталық үшін бос тұрған ғимарат жөнделмек. Жарма ауданының әкімі Нұрлан Садықовтың айтуынша, нысан толығымен керекті құрылғылармен жабдықталатын болады.

- Жергілікті бюджеттен орталықты жабдықтау үшін 10,5 миллион теңге бөлінді. Онда арнайы жаттығу құрылғылары орнатылады. Қазіргі таңда оқытушылар мен медициналық құрам жасақталуда, - дейді Нұрлан Сыдықов.

Айта кетейік, 2016 жылы Шар қаласындағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету күндізгі стационарына жаңа ғимарат берілген. Қазір онда 11 мүмкіндігі шектеулі бала ем қабылдап, білім алуда.

- Бұрын орталық балаларға ыңғайсыз орында орналасқан болатын. Ата-аналары балаларымен бірге екінші қабатқа көтерілуге мәжбүр еді. Онда, тіпті, пандус та жоқ еді.   Қазіргі жаңа ғимаратта балалар үшін спорт залы, ойын бөлмесі мен психологтың арнайы кабинеті де бар, - дейді Нұрлан Сыдықов. – Бес бала түске дейін оқыса, қалған алтауы түстен кейін. Тағы 23 бала үйде, олар да стационарға екі сағатқа келеді.

Жалпы, Жарма ауданында 127 адам арнаулы әлеуметтік қызмет алатындар қатарына жатса, оның 53-і мүмкіндігі шектеулі балалар, ал 18 жастан асқан психоневралогиялық   паталогиясы  бар адамдар саны 74.

Жақында Жарма ауданындағы Қалбатау ауылында оқушылардың шығармашылық сарайы да салынбақ. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру ғимаратының құрылысына бөлінетін қаржы жергілікті атқарушы органдардың шығын бөлігін азайту арқылы қарастырылмақ. Айта кетейік, өткен жылы Жарма ауданы әлеуметтік-экономикалық даму бойынша облыста 16-орыннан төртіншіге көтерілген.

 

Следующая →