Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

28-ші Әлемдік қысқы Универсиадаойындары алауының эстафетасы Өскеменде

Осыған дейін, Қазақстан Республикасы өз тарихында ауқымды екі мәрте спорттық шаралар алауын қабыл алған болатын

2008 жылы Алматы қаласында Пекин-2008 Олимпиада алауының эстафетасын қабыл алса, 2011 жылы сегізінші Қысқы Азия ойындарының алауын жақты. Бұл оқиғалар Қазақстанның спорт тарихына енді. Ендігі кезекте халықаралық деңгейдегі қысқы Универсиада ойындарының алауын көк аспанына көтерді.

28-ші Әлемдік қысқы Универсиада алауы Қазақстанның барлық аудандарында жағылуда. Бүгін алау эстафетасының жағылуына Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары куәгер болды. Алауды жағуға және оның эстафетасына Шығыс Қазақстаннан шыққан шығыстың атақты спортшылары қатысты.

- Бүгін барша еліміз үшін көптен күткен спорттық мерекесі, Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындары бастау алатын айтулы күн, - деді өңір басшысы Даниал Ахметов. - Өскемен қаласында 28 Бүкіләлемдік қысқы универсиада алауын жағу және эстафетасын өткізу рәсіміне куәгер болып отырмыз. Бұл бүкіл Қазақстан жұртына аса үлкен мақтаныш. Бұл елімізге деген үлкен сенімнің белгісі болып табылмақ.

Біз алдағы спорттық жарыстарда Қазақстанның беделін қорғайтын спортшылардың төрттен бірін біздің облыстың тұрғындары құрайтынын мақтан тұтамыз.
Алматының заманауи спорт кешені әлемнің көптеген спортшылары мен қонақтарына құшағын ашады. 12 спорттық тәртіпте үздіктер жарысына 60 елдің 2000 спортшы қатысады.

- Биылғы Универсиадаға 195 спортшы қатысса, олардың ішінде 48 шығысқазақстандықтар 9 қысқы ойын түрінен бақ сынайды, - деді Даниал Кенжетайұлы. - Спортшыларымыз Отанымызды лайықты түрде паш етсін. жанкүйерлеріміздің үмітін ақтай білсін деп тілеймін.

Айта кету керек, тәуелсіздік жылдарынан бері Қазақстан құрамасы өз бақытына орай 8 Спартакиада мен Универсиадаларға қатысып үлгерді. Қазір олардың еншісінде 43 марапат бар. Олардың ішінде 6 қысқы Универсиадаға қатысып, 33 марапатпен алдыңғы қатарда біздің өңіріміздің спортшылары тұр. Олар 13 алтын, 10 күміс, 10 қола медальдарға ие болды.
 
Айдос Мырзахметов
Следующая →