Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Рыльская
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да демалыс күндері өрттен үш адам қаза тапты

Коляскадағы мүгедек адам мен қарт адамдар өрт құрбаны болды. Олар жағдайларына байланыста жалынды өрттен өз бетінше шыға алмады

Аягөзде Береговой көшесіндегі жеке үйдің тұрғыны 70 жастағы мүгедек жұбайын қалдырып өзі дүкенге шығып кеткен. ШҚО ТЖД мәліметі бойынша, әйел үйіне оралғанда үйі толығымен жанып кеткен. Жанып жатқан үйден өз бетінше шығуға егде ер адамның шамасы жетпеген. Өрт сөндірушіні көршілері шақырған. Көмекке келген өрт сөндірушілер жалынды өшіргенде үй иесінің мәйітін жатын бөлмесіндегі кереуеттің үстінен тапқан, деп хабарлайды Устинка Live тілшісі. Орын алған оқиғаның себебін мамандар анықтауда.

Опытный поля ауданында да жеке тұрғын үй жанып кеткен. Болып жатқан өртті байқаған көршілері өрт сөндірушілерді шақырып, өздері 65 жастағы үй иесін құтқаруға шыққан. Көршілері оны далаға өрттен алып шығады. Өкінішке орай, әйелді құтқару мүмкін болмады. Себебі ол улы газдан иістеніп қалған. Кейінірек көршілердің айтуынша зейнеткер өз еркімен өрттеншықпақ болған. Бірақ есікке таяп қалғанда шамасы келмей құлап қалған. Тағы бір тілсіз жау Қарағайлы ауылында орын алған. Жеке үйде ер адам жанып кеткен. Өрт сөндірушілерді шақырған көршілердің айтуынша бұл күні үй иесінің үйінде қонақтар болған. Отырыстан соң барлық қонақтар тарап үй иесі жалғыз өзі қалған. Өрт сөндірушілер келгенде ер адам өлі күйінде табылған.
Следующая →