Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Рыльская
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Бүгін, 7 желтоқсанда облыс басшысы Даниал Ахметов ТҮКШ және құрылысы саласы бойынша әкім орынбасарын ресми таныстырды

Бұл орынға «ҚазАвтоЖол» АҚ ШҚО бойынша филиалының директоры болған Серік Ақтанов отырды.

Ол 1983 жылы «Автомобиль жолдары», инженер-құрылысшы мамандығы бойынша Өскемен құрылыс-жол институтын тәмамдады. Техникалық ғылымдар кандидаты. Еңбек жолын Зайсан қаласы №553 жол-пайдалану учаскесінің шебері болып бастады.

1984-1987 жылдары Өскемен құрылыс-жол институтының Алматы жалпы техникалық факультетінің «Автомобиль жолдары» кафедрасының ассистенті, тағылымдамадан өтушісі болды. 1987-1990 жылдары Мәскеу автомобиль-жол институтында аспирантурада оқыды. Бұдан кейін Өскемен құрылыс-жол институтының «Автомобиль жолдары, көпірлер мен тоннелдер» кафедрасының ассистенті болды.

1992-1999 жылдары жеке компанияларды басқарды. 1999-2014 жылдары «Казахавтодор» РМК жүйесінде еңбек етті: ШҚО және Атырау облыстарында өңірлік филиалдарды басқарды. Кәсіпорын бас директорының орынбасары, бас директоры болған.

Следующая →