Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ирина Николенко
Ирина Николенко
Ақпарат көзі:
Устинка

Жұмыртқа бағасы күрт көтеріліп кетті

Жақында ғана 250 теңге тұрған 10 жұмыртқаны саудагерлер бұл күнде 340-370теңгеге қойып қойған

Тауық өнімдерін тасымалдаушылардың сөзінше облыста құс фабрикасы болмағандықтан, жұмыртқалар Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстары мен Ресейдің Алтай өңірінен әкелінеді. Ал осы құс фабрикалары бағаны қымбаттатып жіберген. Одан өзге қарағандылық кәсіпорындардың екеуінде вирустық инфекция өршуі салдарынан жаппай қырылу орын алған. Осы жағдай да бағаның өсуіне себеп болған.

-          Тауық жұмыртқасының бағасы тамыз айынан бері өсіп келеді. Алда Жаңа жыл келе жатқандықтан оған деген сұраныс та арта түсері анық болғандықтан, баға да шарықтай бермек, - дейді Өскемен қаласындағы тасымалдаушылардың бірі. – Жұмыртқа өнімдері жыл сайын күз мезгілінде қымбаттай түсетіндігі белгілі. Қазіргі баға екі есеге артып отыр.

Айта кетейік, ШҚО Статистика департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, қазан айындағы баға қыркүйектегімен салыстырғанда 9%-ға артқан.


Следующая →