Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ирина Николенко
Ирина Николенко
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да жедел жәрдем тегін болып қалады

Міндетті медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін жедел қызмет көрсету бұрынғыдай мемлекетпен қаржыландырылатын болады

2017 жылдан бастап Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру енгізіледі. Қорға жарнаны бірінші болып жұмыс берушілер, 2018 жылдан бастап қатардағы азаматтар аударады. Осы күнге дейін медицинада болатын өзгерістер адамдарға түсініксіз болып келді, сондықтан кейбіреулерде келесі жылдан бастап жедел жәрдем ақылы болады деген түсінік қалыптасуда. Өскемен қаласының Жедел медициналық жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары бұл түсінікті жоққа шығарды. - Міндетті медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін жедел жәрдем қызметі барлық азаматтарға тегін күйінде сақталады, себебі жедел көмек тегін медициналық көмектің кепілді бөлігіне кіреді, - деп хабарлайды Гүлнар Текильманова. ҚР Денсаулықсақтау басқармасы да 2017 жылдан бастап дәрігерлер бригадасының келуіне қаражат алмайтынын растап отыр. - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтаруды енгізу аясында жедел медициналық жәрдем қызметін шақыру республикалық бюджетпен қаржыландыратын медициналық көмектің базалық пакетіне кіреді, - дейді мекеменің ресми сайтында. – Аталмыш пакет Қазақстанның барлық азаматтарына қолжетімді болады. Оның ішіне: жедел жәрдем және санитарлық авиация, әлеуметтік маңызы бар аурулар жағдайындағы медициналық көмек және төтенше жағдайларда, алдын-ала екпе жүргізу кіреді. Мұнымен қоса Денсаулық министрлігі жедел жәрдемнің ҚР азаматтары мен қоса республика төңірегіндегі шетел азаматтарына да тегін болып қалатынын нақтылады. Медициналық көмектің базалық пакетіне кірмейтін және қазірдің өзінде төлем алынатын қызметтерге медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін де төлеуге тураы келеді. - Мысалы науқасты ауруханадан үйіне жеткізу біздің қызметімізе жатпайды, мемлекет те қаржыландырмайды, сондықтан емделуші төлейді, - дейді Гүлнар Текильманова. – Жеткізу құны бригада құрамына байланысты – дәрігер, фельдшер немесе санитар мен жүргізуші. Мұнымен қоса төлемге науқасты пәтерге дейін жеткізу кірмейді. Біздің бригадаларда көбінде әйелдер қызмет етеді, сондықтан қабатқа көтерілуге туысқандары немесе көршілерінің көмегі қажет болады. Гүлнар Такильманованың айтуынша, төлемді қызметтердің ішіне дәрігердің дәрі егу үшін науқастың үйіне бару, жерлеу кезінде жедел жәрдемнің кезекте тұруы кіреді. Өскемендіктер кейде дәрігерлерді нашар сезініп тұрғанда шақырып жатады.
Следующая →