Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Солжағалаулық емханада тексеріс жүргізілді

ШҚО Қоғамдық кеңесінің сарапшылар тобы ойламаған жерден тексеріс жүргізді

Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, емдеу сапасы, күндізгі стационардың болмауы және ұзын-сонар кезек – бұндай мәселелермен Солжағалау ауданы емханасының қаралушылары жиі ұшырасады.

Тексерушілер дене қызуы көтеріліп тұрған әйелдің бір кабинеттен екінші кабинетке сабылып жүргеніне куә болды.

-  ЖМК шағын ауданында халық саны көп. Біздің емханаға 35 мың адам тіркелген. Бұл тек ересектер. Ал балалар Ана мен бала орталығында қаралады. Ғимарат күндізгі стационарды қайта енгізуге мүмкіндік бермейді. Біз, тіпті, тендерге де қатыспаймыз. Өйткені, алаңды жалға алатындықтан, орын жеткіліксіз. Ал ұзын-сонар кезекті адамдар өздері жасап отыр. Аурухананығ таңғы 8-ден жұмыс істейтінін біле тұра, 6-дан келіп алады.  Талонды алдын ала телефон арқылы немесе онлайн арқылы алуға болады, - дейді «Солжағалау емханасының» директоры Самал Измаилова.

Алайда сараптау комиссиясының төрайымы Татьяна Чернышева елімізде келесі жылдан бастап міндетті медициналық сақтандыру енгізіліп, халық емхананы да, дәрігерді де өзі таңдайтындығын еске салды.

-  2017 жылы медициналық стандарттарға сай келмейтін емханалар жабылады. Сондықтан әр пациент үшін күресу керек. Оларға барлық жағдайды жасай білулеріңіз керек. Бәсеке күресі қатты болмақ, - деді Татьяна Чернышева.

Следующая →