Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Облыс орталығында қазақ тілінен оқулық жетіспейді

Өскеменнің мемлекеттік тілді оқушыларына оқулықтардың жетіспеуі салдарынан кітаптарды көшірме арқылы оқуға тура келеді

1 қыркүйектен бастап Шығыс Қазақстан облысының мектептерінде пилоттық үш тұғырлы тіл жобасын жүзеге асыруға шешім қабылданды. Қалалық орыс тілді мектептердің ата-аналарының айтуы бойынша, бір сыныптың өзіне жаңа бағдарлама бойынша шығарылған қазақ тілі пәнінен тек бір ғана оқулық берілген. - Кітаптың көшірмесін жасатуға тура келді. Бірінші тоқсанда алғашқы 40 беттің көшірмесін басып шығардық, бұл кем дегенде 400 теңге. Ал барлық кітаптың сан беттері шамамен 120 бет. Әрбір оқушыға кәсіпкерлік оқу құралдарын беретінін мұғалімдер дөп басып айта алмай отыр, - деп үшінші сынып оқушысының ата-анасы Елена шағымын білдірді. Қалалық білім бөлімінің басшысы Мәдениет Ахметованың мәліметтері бойынша , 41 мектепке 1422 авторлық оқулықтар жеткізілген. Ал ақпарат білім Басқармасының басшысы Айжан Садықованың мәліметі бойынша, Өскеменнің орыс мектебіне сабақ беретін қазақ тілді мұғалімдерге кітаптардың 774 данасы ұсынылған. Айжан Ерханқызының айтуынша, облыс мәслихаттының сессиясы қосымша ақша бөлгенде жетіспейтін кітаптардың сатып алынатыны туралы ескерте кетті. Сондай-ақ, барлық облыс орталығының оқушыларына, авторы Фаузи Оразбаеваның 648 қазақ тілді оқулықтары жеткізілген. - Облыстық мәслихаттың шешімімен 5 қазанда «2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет» туралы бекітілген құралдар сомасы 180 миллион теңге құраса, оның ішінде Өскеменде Фаузия Оразбаеваның авторлығымен шыққан қазақ тілді және орыс тілді оқулықтарын сатып алуға 52 миллион 676 мың теңге жұмсалғын, - деді облыстық мәслихат хатшысы Владимир Головатюк. Үш тұғырлы тіл бағдарламасының арқасында, барлық оқушылар үш тілде еркін қарым-қатынас жасап әлемдік білімге озық қол жеткізуіне үлкен мүмкіндік береді. Басын бастаған батыр демекші, бірінші болып бастаған әрқашан қиын екенін ешкім жоққа шығармайды. Бұл бастау қазіргі уақытта көптеген ата-аналарға келеңсіз жағыдайлар туғызатыны сөзсіз. Дегенмен де мұғалімдер мен оқушылар бұндай бастама жобаларын күтпегені анық. Фаузия Оразбаеваның авторлық кітабын Қасым Қайсенов кітапханасынан орташа құны - 5000 теңгеге ала аласыздар.
Следующая →