Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

Обысымызда мамандарын "қой" деп балағаттаған басшыға сөгіс жарияланды

Тоқтамыс Жұмағұловтың төрағалығымен облыстағы мемлекеттік қызмет істері бойынша департаменттің Әдеп жөніндегі кеңесі өтті

Кезекті кеңестің күн тәртібінде 5 мәселе қаралды. Қаралған тәртіптік істің бірі ШҚО құрылыс, архитектура және қала құрылысы басқармасының басшысы Мәди Отарбаевқа қатысты. Өткен жылдың желтоқсанында жобалық жұмыстарға мемлекеттік сатып алу жүргізу барысында құрамында басқарма басшысы мен оның орынбасары бар комиссия бір қатысушының өтінімін қабылдамай қойған. Оған ол қатысушы өзі клиенті болып табылмайтын банктен қарыз туралы анықтаманы бермегендігі себеп болған. ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті сот комиссия мүшелерінің әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық белгілері бар екенін белгілегенін мәлімдеді.

Осыған орай басқарма басшысы мен оның орынбасарына сот қаулысы бойынша 700 АЕК көлеміндегі әкімшілік айыппұл салынды.

Кеңесте әкімшілік істен өзге Мәди Жангелдіұлына қатысты тәртіптік іс те қаралды.

-  Ол өз қызметкерлерін ауызша берген іссапарға бару туралы бұйрығынан бас тартқандары үшін жазалаған. Одан өзге басшы қызметкерлерімен сөйлесу барысында бейәдеп сөздер қолданған, - дейді мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Ержан Тұрсынканов.

Ал әдеп жөніндегі кеңес облыс басшысы Даниал Ахметовке ШҚО құрылыс, архитектура және қала құрылысы басқармасының басшысы Мәди Отарбаевқа қызметіне толық сәйкес еместігі жөнінде ескерту түрінде жаза қолдану туралы ұсыныс білдірді. Дәл осындай тәртіптік жазаны басқарма басшысының орынбасары Қанат Мұқанға да жариялау ұсынылды.

Одан өзге әдеп жөніндегі кеңес ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Берік Бейсекенов пен оның орынбасары Данияр Ахметовке қызметтік міндетін лайықсыз атқарғаны үшін қатаң сөгіс жариялау туралы ұсыныс білдірді.

Сот анықтау жұмыстары барысында Берік Бейсекенов өзінің орынбасары екеуі жолаушыларды тасымалдау қызметіне конкурс жүргізу барысында құжаттамаға бағыттық такси мен автобустарға теледидар орнату туралы артық талаптар енгізгені анықталған.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 9 айы ішінде әдеп жөніндегі уәкілетті тұлғаларға әр түрлі өмірлік маңызы бар сұрақтармен мемлекеттік қызметкерлер және азаматтардың ауызша жүгінуі бойынша 39 факті тіркелген. Сонымен қатар, қызметтік әдепті бұзғаны үшін жыл басынан бері 5 мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылған.

Следующая →