Шығысқазақстандық кәсіпкерлер өз тауарларын Алматыдағы кәсіпорынға ұсынды

Басты мақсат – импорт көлемін азайту үшін аймақаралық байланысты нығайту
19 мамыр 2016 года, 12:51 2731
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Бизнесмены ВКО представили свои товары предприятиям Алматы
Ақпарат көзі: © Устинка Live Фото: © bnews.kz
Алматы әкімдігінде екі қаланың сауда нүктелерін ұйымдастыруға қатысты жиналыс өтті

- Алматының жылдық толайым сауда айналымы 7,8 трлн теңгені құрайды. Яғни ШҚО-да шығарылатын азық-түлікті алып отыру бізге проблема емес. Мысалға Алматыға импортталатын қаймақ пен сүт көлемі 8 млрд теңгені құрайды – деп хабарлады Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Аукеновтың сөзін Қазинформ агенттігі.

Шығыс Қазақстаннан келген делегацияны облыс әкімі орынбасары Дүйсенғазы Мусин таныстырды. Оның айтуынша, облыстағы ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер – Алматыға жүзден астам түрлі сапалы арзан тауарларды әкеліп отыра алады екен. Соның ішінде бал, ет, күнбағыс майы, сүтті тауарлар және балықтың түрлері де бар.

ШҚО кәсіпкерлері үшін арнайы шеберлік сыныбын жүргізді. Оларға Алматының ірі кәсіпорындарының қызығушылығына қалай сай жүру керектігін үйретті.

Загрузка...

Тақырып бойынша жаңалықтар

Устинка Live хабарландыруларын алып тұрыңыз