Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен қаласының әкімі болып Ерлан Аймуқашев тағайындалды

Даниал Ахметов Өскемен қаласының жаңа басшысын қалалық активте таныстырды

Усть-Каменогорск и ВКО / Даниал Ахметов представил нового акима Усть-Каменогорска
Фото:
Устинка Live

- Ерлан Қапарұлы өзінің жұмыс жолын Павлодар қаласындағы университеттен бастады. Кейін спорт саласындағы департаменттің басшысы, Павлодар облысы әкімінің, Примьер-министрдің көмекшісі болды. Осы лауазымға дейін ШҚО әкімі аппаратының басшысы болды. Сондықтан мен оның Өскемен қаласын басқара алатынына сенімдімін. Қала әкімі болуға Ерлан Қапарұлының тәжірибесі жеткілікті, - деді жаңа қала басшысын таныстырған ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Автив алдында сөз алған Ерлан Аймуқашев қаланы көркейту жолында талмай еңбек ететінін айтты.

- Менің білімімен біліктілігімді Елбасымыз қойып отырған міндеттерді жүзеге асыруға жұмсайтын боламын. Алдағы уақытта әкімдік ұжымымен, қалалық актив және депутаттар алқасымен қаламызды дамыту мақсатында бірлесе жұмыс істеймін, - деді Өскемен қаласының жаңа әкімі Ерлан Қапарұлы.

Ал Өскемен қаласының экс-әкімі Темірбек Қасымжанұлының қандай лауазымды иеленетіні алдағы уақытта белгілі болады.

Следующая →