Өскемен
малооблачно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +5°
  • Ақтөбе
    +7°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +4°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +18°
$
450.07
-1.20
488.51
-0.62
¥
62.35
-0.34
4.86
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

«Алтай» әйелдер волейбол клубы Қазақстан чемпионы атанды

Өскеменде мәресіне жеткен волейболдан әйелдер ұлттық лигасының XXIV чемпионатында жергілікті «Алтай» клубы жеңіске жетті

Усть-Каменогорск и ВКО / Женский волейбольный клуб из Усть-Каменогорска стал чемпионом РК
Фото:
Устинка Live
Кеше Өскемен қаласының Жекпе-жек сарайында волейболдан ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында Қазақстанның кезекті чемпионатының соңғы финалдық ойын өтіп, жеңімпаз командалар мен біріншілік жүлдегерлеріне кубоктар мен медальдар табысталды. 

Елдің бірнеше дүркін чепионы талдықорғандық «Жетісу» командасын жеңген «Алтай» клубы чемпион атанды. 

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов «Алтай» клубының ойыншыларына және жаттықтырушылар құрамына иволейболдан ұлттық лига жеңімпазының Кубогі мен алтын медальдарын табыс етті. Сонымен қатар, жеңімпаздар ШҚО әкімдігінен құны 5 млн. теңгенің сертификатын алды. 

 Бұдан бөлек «Алтай» командасының үш ойыншысы ҚР Волейбол Федерациясының арнайы сыйлықтарына ие болды. 

– Ойын барысында біз жаңадан әдіс-айлалар қолданып, команда мүшелерін әр матч сайын ауыстырып отырдық. Клуб тарихындағы бұл жоғары жетістік болғандықтан, жеңістің орны ерекше. Енді алда үш ай мерзім дайындалып, Филиппинде өтетін чемпионатта ел намысын қорғайтын боламыз. Айта кетсем, волейболдың дамуына Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі көптеп көңіл бөлуде, – деді «Алтай» волейбол клубы әйелдер командасының жаттықтырушысы Жанболат Бурхан. 

 «Алтай» волейбол клубы ағымдағы жылдың қыркүйек айының 3-13 жұлдыздары аралығында клубтық командалар арасында Филиппинде өтетін Азия чемпионатында Қазақстанның намысын қорғайтын болады.

 Айта кетсек, жуырда «Алтай» ерлер командасы ҚР Чемпионатын жеңіп алып, Мяньнмада өтетін Азияның клубтық чемпионатына жолдама алған болатын.
Следующая →