Әуе компаниялары мен ұшқыштар әкімшілік жауапқа тартылды
Көлік министрлігі Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тексеру жүргізген
Тексерулердің нәтижесінде шағын авиацияға жататын 3 әуе компания мен 4 ұшқышты әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Көлік министрінің тапсырмасына сәйкес Ан-2 ұшақтарын тексеруге қатысты жеңіл және аса жеңіл азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларын жоспардан тыс тексеруде.
Жоспардан тыс тексерулердің қорытындысына сәйкес әуе кемелерін пайдалану кезінде азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілердің мынадай талаптарын бұзушылықтар анықталды:
- командир әуе кемеде ұшқыштың қолданыстағы куәлігінсіз ұшуды жүзеге асырды (4 факт тіркелді) және әуе қозғалысына қызмет көрсету органына хабарламаған;
- ұшу құжаттамасының болмауы;
- әуе кемесінің техникалық қызмет көрсету құжатын орталыққа жібермеген фактілер тіркелді.
- Жоспардан тыс тексерулер жүргізу бойынша жұмыстар жалғасуда. Тамыз айында 6 пайдаланушыны тексеру жоспарланған, - деп хабарлады ҚР Көлік министрлігі. - Сондай-ақ шілде айында 10 авиакомпанияны іріктеп тексеру жүргізілді. Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жүргізген тексерулердің нәтижесінде шағын авиацияға жататын 3 әуе компаниясы мен 4 ұшқышқа ҚР Азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бұзғаны үшін 11 айыппұл салды.