Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстанда 12,8 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді

Еңбек мигранттарының көбі Қытайдан келген

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / Қазақстанда 12,8 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді
Фото:
gov.kz

Сондай-ақ, үндістер мен түріктер, өзбектер де көп, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпаратына сүйеніп.

2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 12 882 шетел азаматы еңбек етеді.

Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 565 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 671 рұқсат (екінші санат). Тартылған шетел жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 5 871 және 595 адам. Сондай-ақ, маусымдық жұмыстарға 564 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 616 адам тартылды, - делінген министрлік ақпаратында.

Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдіктердің жұмыс күшін пайдаланатын 1 657 жұмыс беруші бар.
- Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 4 326 адам (33,5%), өңдеу өнеркәсібі – 1 370 адам (10,6%), тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 298 адам (10%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 843 адам (6,5%), ауыл, орман және балық шаруашылығы – 600 адам (4,6%), - деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 045 адам (31,4%), Үндістан – 1 152 адам (8,9%), Түркия – 1 110 адам (8,6%), Өзбекстан – 673 адам (5,2%).

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2024 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,23% немесе 22 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.

Следующая →