Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақ-қырғыз бір-біріне авиациялық іздестіру және құтқару жұмыстарына көмектеседі

Мәжіліс екі ел арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / Қазақ-қырғыз бір-біріне авиациялық іздестіру және құтқару жұмыстарына көмектеседі
Фото:
pexels

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы бұл келесім 2022 жылғы 26 мамырда Бішкек қаласында бекітілген болатын, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Екі ел жолаушылар мен экипаждарды, сондай-ақ апаттық жағдайдағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемелерін іздестіру және құтқару үшін олардың іздеу-құтқару қызметтері арасында ынтымақтастық орнатуға келісті. Операциялар Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына және ұсынылған тәжірибелерге сәйкес жүзеге асырылады.

Сондай-ақ келісімнің мақсаттарына мыналар кіреді:

  • авиациялық оқиғалар туралы өзара хабарлау және апаттық жағдайдағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемелерінің жолаушылары мен экипаждарын іздестіру және құтқару бойынша барлық қажетті шараны дереу қабылдау;
  • екі жақтың іздестіру-құтқару қызметтерінің бірлескен оқу-жаттығуларын өткізу, ақпарат пен тәжірибе алмасу;
  • іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде, оның ішінде трансшекаралық аумақта тараптардың бірінің өтініші бойынша өзара көмек көрсету (авиациялық және жерүсті іздестіру-құтқару күштерімен қамтамасыз ету).

Следующая →