Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ақтөбе облысының фермерлері Агробанк құруды талап етті

Жергілікті фермерлер Ауыл шаруашылығы банкі мал бағып, дән еккен кәсіп иелеріне жеңілдетілген несие беруі тиіс деп есептейді

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / Ақтөбе облысының фермерлері Агробанк құруды талап етті
Фото:
pixabay.com

Тікелей қаржыландыру болса, түрлі делдалдан арылуға мүмкіндік туарына сенімді, деп хабарлайды 24.kz.

Табиғаттың қыңыр мінезінен көптеген кәсіпкер тығырыққа тірелді. Жем-шөпті уақытында жинап алу мұңға айналған. Ескі техникаға үміт артқандардың жайы тіптен мәз емес. Ал жаңа трактор алуға бәрінің мүмкіндігі жетпейді.

Мен мысалы осыдан 5 жыл бұрын 902 деген трактор алдым, - дейді шаруа қожалығының иесі Бақберген Жаназаров. - Счет-фактурасын қарасам 7 миллион. Ал мен 10 миллионға алып отырмын. Посредниктер алып кетіп отыр бәрін. Ең болмаса 2 процентпен кредит беріп бір банк дұрыстау, АКК емес, Агробанк ашып содан 2 процентпен берсе субсидия да емес, ештеңе де керек емес өзіміз күнімізді көрер едік.

Шаруалардың пікірінше, қаржы институты тек агрокешенге қызмет көрсетуі тиіс. Қажетті техника, тұқым мен төрт-түлік алуға несие рәсімдеуге мүмкіндік болса деп отыр. Ауыл шаруашылығы министрілігі бұл ұсынысты жан-жақты талқылап жатыр.

Агроқауымдастық бұл туралы көптен бері айтып отыр. Бірақ әттегенайы бір нәрсе - бұл жерде тек қана ауылшаруашылығы министрлігінің шешімімен ғана құрыла салатын, ашыла салатын мекеме емес, - дейді ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы Дамир Егізбаев. - Сондықтан бұл нәрсе әлі де басқа да мемлекеттік органдармен, басқа да мекемелермен келісімдер жүргізіледі. Електен өткізіп барып мемлекеттік органдардың келісімі арқылы ондай мекемелер құрылады.

Жиынға келген кәсіпкерлердің көтерген тағы бір мәселесі – мал азығын субсидиялау. Биыл бұл мақсатқа бөлінген қаржы былтырға қарағанда 9 млрд теңгеге аз.

Қосымша облыс әкімдігі мәслихаттың шешімімен 2 млрд 900 млн теңге мал азығының шығындарын өтеу бойынша мемлекеттік қолдау көрсетуге бөлген. Қазір өтінім қабылдау басталыпты. Шығындарды өтеу бойынша екі мыңнан астам өтініш түскен. Жалпы құны 2 млрд 200 млн теңге. Субсидия жақын күндері шаруалардың есеп шотына аударылады.

Следующая →